
Жаңасемей ауданының әкімі Нұржан Оразбекұлы өрт қауіпсіздігіне арналған кеңейтілген жиынға қатысты.
Абайдың 180 жылдық мерейтойы қарсаңында облыс әкімдігінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңейтілген жиын өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары С. Төленбергенов төрағалық етті.
Оған қала мен аудан әкімдері, төтенше жағдайлар департаменті, құқық қорғау органдары және жауапты мекемелер өкілдері қатысты.
Кездесуде мерекелік іс-шаралар кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау, алдын алу шараларын күшейту, нысандарды тексеру мәселелері талқыланды.