Балалар күні кең көлемде аталып өтті

Балалар күні кең көлемде аталып өтті

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жаңасемей ауданында балаларға арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Концерттік бағдарламалар ұсынылып, түрлі ойындар өткізіліп, балалар ерекше көңіл-күйге бөленді.

Мектептер мен балабақшалар тәрбиеленушілері ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Шараны өткізуге клуб және кітапхана қызметкерлері де белсене қатысып, балаларға арналған қызықты бағдарламалар мен әдеби-танымдық бұрыштар ұсынды.

Ата-аналар мен тұрғындар балалардың қуанышын бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Бұл күн Жаңасемей ауданындағы бүлдіршіндер үшін шаттық пен қуанышқа толы жарқын мерекеге айналды.