Жаңасемей ауданында мәдениет және өнер саласының қызметкерлеріне арналған кәсіби мереке – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні салтанатты түрде аталып өтті.
Салтанатты жиынды аудан әкімінің міндетін атқарушы Айбек Төлегенұлы ашып, мәдениет саласының қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады.
Мерекелік жиын концерттік бағдарламамен жалғасып, аудан өнерпаздары көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.