Аудан әкімінің кеңесшісі Нұржан Оразбекұлы «Ағаш өңдеу зауытының құрылысы» жобасымен танысты

Аудан әкімінің кеңесшісі Нұржан Оразбекұлы «Ағаш өңдеу зауытының құрылысы» жобасымен танысты

Нұржан Оразбекұлы Озерки ауылына жасаған сапары барысында Озерки ауылдық округіне қарасты салынып жатқан «Ағаш өңдеу зауытының құрылысы» жобасымен танысты. Сапар барысында ол зауыттың құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, жобаның аймақ экономикасына тигізер пайдасы туралы пікір алмасты. Аталған зауыт іске қосылғаннан кейін жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындары ашылып, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптік әлеует арта түспек.

Сондай-ақ, өңірдегі табиғи ресурстарды тиімді пайдалану арқылы экологиялық және экономикалық тепе-теңдікті сақтау мәселелері де назардан тыс қалмады.

Сапар соңында Нұржан Оразбекұлы жобаның уақтылы әрі сапалы жүзеге асырылуының маңыздылығын атап өтіп, құрылыс жұмыстарына сәттілік тіледі.