2025 жылдың 18 мамыр күні Шүлбі кентінде әкім сайлауы өтті. Сайлау қорытындысы бойынша Шүлбі кентінің әкімі болып Болатбек Ермұхаметұлы тағайындалды.
Кент тұрғындарының қатысуымен өткен салтанатты жиында Жаңасемей ауданы әкімінің міндетін атқарушы Айбек Төлегенұлы және аудандық сайлау комиссиясының төрағасы жаңа әкімді қызметімен құттықтап, әкім куәлігін ресми түрде табыс етті.
Сөз барысында Айбек Төлегенұлы: «Болатбек Ермұхаметұлы – өңір дамуына өз үлесін қосатын, ел мүддесі үшін аянбай еңбек ететін білікті басшы болады деп сенеміз. Жаңа әкімге сәттілік тілеймін!» – деп атап өтті.
Жиын соңында тұрғындар жаңа әкімге сенім білдіріп, кенттің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үміт артатындарын жеткізді.