Достық ауылдық округіне жаңа әкім сайланды

Достық ауылдық округіне жаңа әкім сайланды

2025 жылғы 18 мамырда ауданымызға қарасты Достық ауылдық округінде әкім сайлауы өтті. Сайлау қорытындысы бойынша ауылдық округтің әкімі болып Айдарбаев Данияр Айтбекұлы сайланды.

Жаңа әкімді ауыл тұрғындарына таныстыру рәсімі салтанатты түрде ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Нұржан Асанұлы мен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы арнайы қатысып, тұрғындарға жаңа әкімді ресми түрде таныстырды. Сонымен қатар, Данияр Айтбекұлына әкім куәлігі салтанатты түрде табыс етілді. 

Өз сөзінде Нұржан Асанұлы жаңа әкімнің кәсіби тәжірибесіне тоқталып, оның ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді. 

Данияр Айтбекұлы ауылдың өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп, халық сенімін ақтауға бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты.