ҚР Тұңғыш Президенті ‒ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құрған Стратегиялық жоспарлау жүйесі стратегиялық бағдардың нақтылығы мен өзгерістердің үдемелі реттілігіне сүйенеді, жаһандық қатерлер мен ішкі проблемалардың алдын-ала отырып, әрекет етуге мүмкіндік береді.
«Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді.
Нұрсұлтан Назарбаев, 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы
Мемлекет басшысы дамыған 30 елдің лигасына кіру - еліміздің басты мақсатын айқындаған ұзақ мерзімді «Қазақстан ‒ 2050» стратегиясы елдің негізгі стратегиялық құжаты болып табылады.
2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2050» Стратегиясын іске асыруға арналған орта мерзімді даму жоспары болып табылады. Ол жинақталған ұлттық жоспарлау тәжірибесіне сәйкес әзірленген және Қазақстан үшін жаңа жаһандық сын-қатерлер мен жаңа мүмкіндіктер ескеріле отырып, ең жаңа әлемдік жағдайларда дамыған 30 елдің қатарына кіру бағытын жалғастыруда.
2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын алмастырады, ол жаһандық қаржы дағдарысының салдарын бәсеңдетті және экономиканың әртараптандырылған тұрақты өсуіне көшуді жеделдетті.
Бүгінгі таңда 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары өзінің басты мақсаттарын орындады:
1
Біз экономиканы өсіру мақсатына қол жеткіздік. 2017 жылдың болжамды қорытындысы бойынша ЖІӨ көлемі 2009 жылға қарай 41% өседі, бұл нысаналы мәнінен 7,7 пайыздық тармаққа жоғары. Халықаралық резервтердің көлемі Ұлттық қорды ескере отырып, ЖІӨ-ден 66,1% дейін өседі.
2
Күтілетін өмір сүру ұзақтығы елімізде 3 жылға 2016 жылы 72,3 жасқа дейін ұлғайды, бұл халықтың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсарту бойынша шаралардың нәтижелілігін көрсетеді. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 8,2%-дан 2,6% төмендеді.
3
Біз TIMSS-2015 бастауыш білім беру сапасын бағалау рейтингінде көшбасшы елдердің қатарына кірдік, 2015 жылы PISA орта білім беру сапасын бағалау рейтингінде біздің оқушылар 2012 жылмен салыстырғанда, нәтижелерін 28-30 балға жақсартты.
4
Ғылымды қажетсінетін экономиканы қолдау үшін 2015-2016 жылдары 117 инновациялық грант берілді, 45 стратап командасы акселерацияны аяқтады және 8 «Инновациялық технологиялар паркі» ЕЭА қатысушысы болды. Еліміздің жетекші оқу орынына айналған халықаралық деңгейдегі Назарбаев Университеті құрылды.
2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының негізгі бағдарламалық міндеттері мен нысаналы индикаторлары мерзімінен бұрын орындалды, қалғандары мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары арқылы іске асырылуда.
Ал ел алдына жаңа амбициялық міндеттер қойылды. 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру басталғаннан бері Мемлекет басшысы орта мерзімді перспективаға арналған стратегиялық міндеттерді іске асыру тәсілдерін қайта қарауды талап ететін: «Қазақстан - 2050» Стратегиясы, Ұлт жоспары - 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам», «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауы мен «Қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласы сияқты стратегиялық сипаттағы маңызды саяси құжаттарға бастамашылық жасады.
2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары қалай әзірленді
Стратегиялық жоспар 2017 жыл бойы сарапшылар қоғамдастығын, бизнес пен мемлекеттік органдардың өкілдерін, халықты кеңінен тарта отырып, әзірленді.
Үшінші жаңғырудың жаңа міндеттеріне сәйкес әлемдік экономикада тәуекелдер мен жаңа мүмкіндіктер ескеріле отырып, 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында жоспарлаудағы кейбір инновациялық тәсілдер қолданылды:
2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының ерекшеліктері
Қазақстандық даму моделінде Стратегиялық жоспарлар мақсаттар мен ниеттерді жариялап қана қоймайды. Біздің жоспарлар – бұл «болашаққа өту көпірлері». Жоспарлау – елді дамытудың жұмыс құралы. Болашақты пайымдауға, Үкіметтің не және не үшін жасап жатқанын түсінуге Қазақстанның бизнесі де, қарапайым азаматтары да, әлемдік инвестициялық қоғамдастық та мұқтаж.
Біздің дамыған 30 елдің лигасына одан әрі жылжуымыз күрделі сыртқы жағдайларда жүретін болады. 10 жыл бұрын болған 2007-2009 жылдардағы қаржылық дағдарыс әлемдік экономика мен геосаясатта жедел және қауіпті өзгерістердің бастау көзіне айналды. Әлемнің көпполярлы модельге көшуі қақтығыстармен және дағдарыстармен, экономикалық, технологиялық және геосаяси бәсекелестікпен ілесе жүреді.
Жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің басты факторлары: ұлттық адами капиталдың жоғары деңгейі, технологиялық жаңғырту мен цифрландыру, экономикалық өсудің сапасы. Әлемнің озық экономикаларындағы теңдессіз инновациялар толқыны Қазақстаннан болып жатқан түбегейлі өзгерістерге жедел ден қоюды талап етеді. Озық елдердің Индустрия 4.0 жаңа технологиялық тәртібіне өтуі басталды және бұл жерде кейін қалуға жол берілмейді.
Қазақстан – ашық ел; Қазақстанның ұлттық экономикасы әлемдік экономикаға тығыз интеграцияланған. Сондықтан 2025 жылға дейінгі кезеңде экономиканы ықтимал сыртқы күйзелістерден қорғау және елдің жедел дамуы үшін жаңа факторларды қосуға озық өз герістер керек. Егер бұны жасамасақ, онда таяу жылдар перспективасында Қазақстан мынадай маңызды қатерлерге ұшырауы мүмкін:
Экономикалық өсу қарқынының төмендеуі. Өсіп кеткен протекционизм мен санкциялық қақтығыстар тәжірибесінің кеңеюі аясында әлемдік сауданың көлемі төмендеді. «Жаңа болмыс» жалпы әлемдік сұраныстың азаюына және дамып келе жатқан елдердің өсу қарқының бәсеңдеуіне әкелді. Мұндай сыртқы жағдайларда Қазақстанға экономикалық өсу қарқынын жылына 2-3% деңгейінде консервациялау, яғни дамып жатқан экономикалар үшін орта әлемдік деңгейден төмен және дамыған 30 елдің лигасына кіру мүмкіндіктерінен айырылу қаупі төніп тұр;
«Орта кіріс» тұзағы. Басты көрсеткіштер бойынша Қазақстан экономикалық дамудың орта деңгейіне қол жеткізді. Салыстырмалы елдердің тәжірибесі орта деңгейде «қалып қою» қаупі бар екенін көрсетіп отыр. Егер алдын ала режимде экономикалық өсудің жаңа моделіне көшпесе, Қазақстанға табысы орташа елдердің деңгейінде ұзақ мерзімді стагнация және көрші елдерге қарағанда, бәсекеге қабілетті позицияларынан айырылу қаупі бар.
Технологиялар импортына, құрамдауыштар мен мамандардаға тәуелділіктің күшейюіне байланысты бәсекеге қабілеттіліктен айырылу. Ал ұлттық экономикадағы мемлекеттік сектордың басым болуы сыртқы және ішкі нарықтағы эконмоикалық қызмет субъектілері арасында шектелген бәсекелестікке әкеледі, бұл қазақстандық кәсіпорындардың жалпы бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.
Технологиялық артта қалудың ұлғаюы. Әлемнің озық елдерінде болып жатқан технологиялар серпілісі ұлттық адами капиталға мүлдем жаңа талаптар қойып отыр.Адамдардың ең жаңа дағдылары мен қабілеттіктерін дамыту – Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіруінің одан әрі жылжуы үшін аса маңызды міндеті. Қазақстан кадрлар даярлауды, ғылыми және қолданбалы зерттеулерді, стратаптарды қолдауды, озық технологиялар трансферін және т.б. қоса алғанда, инновациялық экономикаға қуатты импульс беретін озық жүйелі реформаларға мұқтаж. Осындай мәселелерде кеш қалу Қазақстан үшін «арта қалған ел» атын иелену қаупі бар.
Өмір сүру сапасының төмендеуі. Егер ел экономикалық бәсекеге қабілеттігінен айырылса, бұл тікелей азаматтардың әл-ауқатына әсер етеді. Ерте ме, кеш пе өткен кезеңдер мұрасының (әлеуметтік және физикалық инфрақұрылым, экологиялық әлеует сияқты) артықшылықтарын жоғалту нәтижесінде «ресурстардың таусылуы» әсері басталады. Салыстырмалы елдердің тәжірибесін ескере отырып, «кедейліктің технологиялық тұзағына» түсу қаупі бар.
Жаңа болмыс ел үшін елеулі тәуекелдер жасайды және сонымен қатар бірігей мүмкіндіктерге жол ашады. Қазақстанның жинақталған әлеуеті елге ең тиімді шарттарды жаңа, енді туындап келе жатқан әлемдік еңбекті бөлуге белсенді енуге мүмкіндік береді. 2025 жылға дейінгі кезеңде біз мұндай мүмкіндікті жіберіп алмауымыз керек.
Қазір бет бұрмаса, Қазақстан «кедейшіліктің технологиялық тұзағына» түсіп, ондаған жылдарды өткізіп алу тәуекеліне ұшырайды. Англия, Германия мен АҚШ едәуір алға шығып, «булы машиналар индустриясын» меңгермеген елдер тұтас бір дәуірге аутсайдерге түсіп қалған ХVII-XIX ғасырларда өнеркәсіптік революция кезеңінде осылай болды. Бүгінгі таңда Қазақстан осындай кең ауқымды өзгерістер сатысында тұр, бірақ экономиканы түбегейлі трансформациялауға және оның бейімделуіне елдің 5-10 жылы ғана бар.
2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары жаңа қатерлерге жауап болып табылады. Ол Қазақстанның жаңа жаһандық бәсекелес ортада бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге және Қазақстанға жаңа әдемдік еңбекті бөлуде перспективалы позицияларды бекітуге арналған.
Әлемнің озық елдері жедел түрде индустриалдық даму кезеңінен инновациялық кезеңге көшуде. Бұл көшу базалық салаларда жаңа технологияларды жаппай енгізумен және 4.0 технологиялық тәртіптің қағидатты түрде жаңа болашақ индустрияларын құрумен ілесе жүреді.
Әлемде инновациялар көлемі бұрын соңды болмаған қарқынға жетті. Бұл ретте минералды шикізат ресурстары шешуші бәсекелестік артықшылық болудан және елдің табысын кепілдендіруден қалды. Елдің табысы ең озық практикалар мен технологияларды игеру қабілетімен айқындалады.
Инновациялар серпілісі жағдайында озық елдердің экономикалық өсу моделінің өзі өзгереді. Бүгінгі таңда бәсекеге қабілеттілік бәйгесінде ұтылып қалмас үшін Қазақстанның ұлттық экономикасы құрылған жоғары әлеуетке сүйене отырып, жедел жаңа экономикалық өсу моделін игеру қажет.
Жаңа экономикалық өсу моделіне өту ағымдағы мемлекет саясатында қағидатты өзгерістерді талап етеді:
Бұл өзгерістер өтпелі идеологияның негізін қалап, 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспардың жүйелі реформаларының, басымдықтары мен міндеттерінің негізін қалайды.
Экономикалық өсу қайда орын алады?
Жаңа экономикалық өсу моделі Қазақстанның ұлттық экономикасының жоғары бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге арналған. Ол адамдардың жоғары кәсіби даярлық және уәждеу деңгейін талап етеді. ХХI ғасырдың қалыптасып келе жатқан даму парадигмасы адами капиталдың сапасын бірінші орынға қояды.
Үш негізгі драйвер толық жұмыс істей бастайды:
Бастысы – шикізат емес, жинақталған өндіріс қорлары емес, қаржылық капитал емес және тіпті инновациялардың өзі ғана емес. Инновациялық экономикада басты даму көзі – бұл адамдар, олардың дағдылары, қабілеттіктері мен құзыреттері.
Адами капиталының деңгейі жоғары – бизнес пен инвесторға біліктілігі кез келген деңгейдегі мамандарды ұсына алатын елдер даусыз бәсекеге қабілеттілік артықшылықтарға ие.Салыстырмалы түрде халқы жас, базалық білімі, тұрақтылығы мен келешекке ұмтылысыжақсы бола тұра, Қазақстанның адами капиталының даму әлеуеті күшті.
Қазақстанда ХХI ғасырдың сұраныстарына сай, жаңа білім беру индустриясын дамыту үшін маңызды негіз қаланды. «Болашақ» бағдарламасы, «Балапан» бағдарламасы, Назарбаев Университеті, Назарбаев зияткерлік мектептері, жоғары білім берудің Болон жүйесіне көшуі, үш тілділікті насихаттау, білім беруді цифрландыру – осы жетістіктердің бәрі, сөзсіз, ұлттық адами капиталды күшейтеді және кадрларды даярлауда сапалы серпін жасау үшін мүмкіндіктерді ашады.
Адами капиталдың рөлі жетекші болған кезде экономикалық өсудің жаңа моделіне өту – алда тұрған жүйелі реформалардың негізі.
Бұл мақсатқа қол жеткізу жылына орташа есеппен ЖІӨ-нің кемінде 4,5-5,0% деңгейінде ұлттық экономиканың өсуіне сәйкес келеді, бұл Қазақстанға 2025 жылға қарай жан басына шаққандағы ЖІӨ-ге 46 100 АҚШ доллары деңгейінде қол жеткізуді (сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша) қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
…ЭЫДҰ елдерімен салыстыруға келетін, адамдардың өмір сүру деңгейін арттыруға апаратын экономиканың сапалы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету
Бұл бағыт жаңа жағдайдағы 2050 стратегиясының үдемелі жалғасы және мұндай бағыттың баламасы жоқ. Өсу қарқыны орташа әлемдік өсуден төмен болған кезде Қазақстанның озық елдерден қалып қоюы жинақталып, дамыған 30 елдің қатарына кіру міндеті мүмкін болмас еді. Нысаналы траекторияның параметрлері кездейсоқ емес. Дәл осы көрсеткіштер бізді дамыған 30 елдің қатарына кіруге – жоғары әл-ауқат деңгейі мен бәсекеге қабілеттілікке әкеледі.
Бүгінгі таңда Қазақстанның алға батыл қадам жасау үшін жеткілікті экономикалық, интеллектуалдық және саяси ресурстарға ие. 2025 жылға дейінгігі Стратегиялық жоспар Қазақстанның ұлттық жетістіктерінің берік іргетасына сүйенеді.
Қазақстан дағдарыстар кезінде өсудің оң қарқынын сақтап, 2025 жылға дейінгі нысаналы траекторияға шықты
Қазақстан Тәуелсіздік жылдарының өзінде жасаған дамуындағы теңдессіз серпілісі оптимизмге негіз береді.
Стратегиялық бағыттың тиімділігі. Қазақстанның ЖІӨ-сі 25 жыл ішінде 3 есе өсті, бұл кедей елдер санатынан орташа даму деңгейіне шығуға мүмкіндік берді. ХХI ғасырда қазақстандық экономиканың өсуінің орташа қарқыны әлемдік экономиканың өсу қарқынынан жоғары.
Соққыға қарсы тұра білу. Қазақстан дағдарысқа қарсы саясатта елеулі тәжірибесі бар. 1997-1998 жылдардағы Азия дағдарысы, 2007-2009 жылдардағы жаһандық қаржылық дағдарыс және 2014 жылы басталған «жаңа болмыс» – осының бәрі қазақстандық даму моделін беріктілікке сынаған аса күрделі қатерлер. Дағдарыстар кезеңінде Қазақстан басқа мемлекеттерге қарағанда өсудің оң траекториясын сақтай отырып, «соққыға» қарсы тұра алатынын дәлелдеді.
Жаңа болмысқа бейімделу. 2017 жыл – Үшінші жаңғыру бастау алған жыл. 2017 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ 2017 жылдың қорытындысы бойынша САҚП бойынша 26 000 астам АҚШ долларын құрайды, бұл ТМД-дағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Қазақстан экономикасының «жаңа болмысқа» бейімделуі табысты өтуде.
Өнеркәсіп секторындағы стратегиялық инвестициялық жобалар экономиканы әртараптандыру үшін негіз қалайды
ХХI ғасырдың даму парадигмасында экономикалық өсудің жоғары қарқыны қажетті, бірақ ұлттық жетістік үшін жеткіліксіз шарт болып табылады. Күрделі және тез өзгеріп жатқан әлемде жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) елдегі өмір сүру сапасын, азаматтардың нақты әл-ауқатты деңгейі мен ұлттық экономиканың бүкіл әлеуетін толық сипаттамайды. Қазақстанның ЖІӨ тұрақты жоғары өсу қарқынына қол жеткізумен қатар 2025 Стратегиялық жоспары сапалы серпін жасау міндеттерін қойып отыр.
«Біз жиі пайдаланатын индикатор – Жалпы ішкі өнімнің бірқатар кемшіліктері бар. ЖІӨ экономикалық қызметтің ұзақ мерзімді сипатын көрсетпейді. Ол табиғи ресурстардың азаюын қоса алғанда, қоршаған ортаға келтірілетін зиянды ескермейді. Бұдан басқа, белгілі бір елдегі өмір сүру деңгейін көрсетпейді. Жан басына шаққандағы ЖІӨ азаматтардың нақты ауқаттылығын көрсетпейді, кірістер бойынша халықтың бөлінуін ескермейді. Дәстүрлі ЖІӨ экономикалық өркендей туралы жалған ұғым тудырады».
Н. Назарбаев, Х Астаналық экономикалық форумның пленарлық отырысындағы сөзі, 2017 жылғы 16 маусым
Жаңа өмір сүру сапасы мен жаңа экономикалық өсу сапасы – Қазақстанның жоғары дамыған ел деңгейіне қол жеткізуі үшін аса маңызды міндеттер.
2025 Стратегиялық жоспарының ерекшелігі: сапалы мақсаттар барынша нақтыланған. Айқын сапалы индикаторлардың болуы Үкіметке даму сапасын басқаруға мүмкіндік береді, ал бұл қазіргі даму кезеңіндегі өсу моделіне қойылатын аса маңызды талап.
Нақты сапа индикаторларына біртіндеп бағдар жасау үкіметтік және өңірлік деңгейде мемлекеттік басқарудың тиімділігін елеулі арттыруы тиіс. Белгіленген деңгей барлық ведомствоның өз жұмысының деңгейін «тартуға» мүмкіндік береді.
Түйінді ұлттық индикаторлар
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің қағидатты түрдегі жаңа деңгейі – бұл алты нақты мақсат, экономикалық өсу сапасының индикаторлары
Қазақстанның қағидатты түрдегі жаңа ұлттық әл-ауқатының деңгейі – бұл алты нақты мақсат, адамдардың өмір сүру сапасының индикаторлары
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, қазіргі уақытта оларды бүкіл әлемде «Қазақстандық модель» деп атайтын, өзінің даму тәсілдерін қалыптастырды.
Қазақстандық модель әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтай отырып, біртіндеп жақсарулардың эволюциялық жолын серпінді сипаттағы батыл қадамдармен байланыстыруға мүмкіндік береді. Қазақстанның алдыңғы екі жаңғыруы осындай эволюция мен үдемелі дамуды байланыстырудың арқасында табысты болды.
Қазақстандық даму моделі – қазіргі жағдайда елдің маңызды бәсекелес артықшылығы. «Н. Назарбаев моделі» Үшінші жаңғыру реформаларының серпінділігі мен жүргізіліп жатқан бағдардың тұрақтылығын байланыстыра отырып, бұдан әрі де озық іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді. 2025 дейінгі Стратегиялық жоспар жүйелі өзгерістердің екі «қозғалтқышын» қамтиды.
Үдемелі және эволюциялық тәсіл бірін бірі толықтырады және күшейтеді. Қазақстандық модельдің әлеуеті – жаһандық экономикадағы жоғары серпінділік пен жоғары белгісіздікке жауап.
7 жүйелі реформа және 7 басым саясат жоспары
Табысты іске асыру қағидаттары:
2025 жылға дейінгі Қазақстанның басты мақсаты