Ветеринариялық-профилактикалық іс шаралар

Ветеринариялық-профилактикалық іс шаралар

Облыстық ветеринариялық ұйымдардың негізгі міндеттерінің бірі – облыс аумағын ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларын жұқтырудан және таратудан қорғау, сондай-ақ эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі уақытта ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде 11 аса қауіпті ауруға қарсы вакцинация жүргізілуде. Атап айтқанда: сібір жарасы, аусыл, түйінді дерматит, құтыру, пастереллез, қарасан, вирустық диарея, инфекциялық ринотрахеит, листериоз, етқоректілердің эхинококкозы, туберкулез және жылқылардың маңқа ауруы.

Сондай-ақ диагностикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларынан бруцеллез, инфекциялық эпидидимит, хламидиоз, лейкемия, листериоз, вирустық диарея, инфекциялық ринотрахеит және басқа да ауруларды анықтау үшін биологиялық (қан) сынамалар алынуда.

Аталған аурулар адам мен ауыл шаруашылығы жануарларына ортақ болып табылады және айтарлықтай экономикалық зиян келтіреді.

Жоғарыда аталған ветеринариялық іс-шаралар облыс аумағында ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларының пайда болуы мен таралуына жол бермеуге бағытталған. Олар бекітілген жылдық жоспарға сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады.