Ауылдық округтер әкімдерін сайлау: сайлау процессінің құқықтық негіздері

Ауылдық округтер әкімдерін сайлау: сайлау процессінің құқықтық негіздері

2025 жылы 10 сәуір күні Үржар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері «Ауылдық округтер әкімдерін сайлау: сайлау процессінің құқықтық негіздері» тақырыбында №407 учаскелік сайлау комиссия мүшелеріне,  кандидаттар мен сенім өкілдеріне семинар өткізді. Семинар барысында сайлау процесін ұйымдастыру, сайлау алды үгіт және сайлау күні сенім өкілдері мен байқаушылардың құқықтары мен міндеттері бойынша заңдылықтар,  сайлау учаскелеріндегі тәртіп ережелері, белгіленген құжаттармен және есептермен жұмыс, сайлау бюллетеньдерімен жұмыс тақырыптары талқыланды.