"Таза Қазақстан" акциясы

"Таза Қазақстан" акциясы

«Тазалық үшін бірге!»: Абай облысы Үржар ауданында «Жасыл аймақ» апталығында 5 мыңға жуық адам қатысты

Үржар ауданында «Таза Қазақстан» акциясы жастар мен аға буынның қолдауымен өтуде.
— Біз тазалық жұмыстарын, сенбіліктерді биыл ғана емес, жыл сайын өткіземіз. Бұл жолғы көктемгі тазалық жұмыстарының ерекшелігі - оған мемлекеттік қызметкерлер, аудан мекемелерінің ұжымдары ғана емес, үлкен-кіші түгел қатысуда және әр апта әр түрлі атаумен өтуде. Акция барысында ағаш көшеттері отырғызылды, әктеу, санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді,- дейді еңбек ардагері Майра Қабдолданова.
Белсенді жастардың бірі Аяулым Азаматқызы Үржар аудандық ауруханасының бір шетіне жасыл жүздеген көшет отырғызғандарын қуана жеткізді. «Жасыл желек жайқалып тұрса тамаша емес пе! Жастарды өлкемізді жасыл аймаққа айналдыруға бірге атсалысуға шақырамын»,- дейді ол.
Жалпы алғанда, аудан бойынша 16 ауылдық округтен сенбілікке 5 000-ға жуық адам қатысты. «Жасыл аймақ» апталығында 3000 көшет отырғызылып, 5 460 ағаштың түбі әктелді. 58 техника тұрмыстық қалдықтарды сыртқа шығарылды, сенбілікке 60 мекеме мен ұйым атсалысты.