Семейде ХҚКО қызметкерлері ұлттық киіммен қызмет көрсетуде

Семейде ХҚКО қызметкерлері ұлттық киіммен қызмет көрсетуде

Семейде ХҚКО қызметкерлері ұлттық киіммен қызмет көрсетуде

Қазақстан бойынша көктемгі Наурыз мерекесіне дайындық жалғасуда. 18 наурызда еліміз Ұлттық киім күнін атап өтуде. Бүгін Семей қаласының ХҚКО қызметкерлері қазақтың ұлттық киімімен қызмет көрсетуде.

Осылайша, бүгін Мемлекеттік қызметтерді алуға келген клиенттерді дәстүрлі мәдениет элементтері бар киімдерде қарсы алады.

Естеріңізге сала кетсек, биыл Наурызнамның онкүндігін атап өту ұсынылған болатын. Кезеңнің әр күні қазақстандық мәдениет пен қоғамның байлығы мен алуан түрлілігін көрсететін белгілі бір тақырып пен құндылыққа арналған. Мемлекеттік корпорацияның Абай облысы бойынша филиалы Қазақ мәдениетінің дәстүрлі құндылықтарын қолдайды және қызмет алушылармен мерекелік көңіл-күймен бөліседі.