Көктемгі тазалық кезеңінін басталуына байланысты өрт және жану жағдайлары арта түседі. Бұл жеке үйлердің иелері ғимараттардың жанында қоқыс, былтырғы жапырақтар және құрғақ шөптерді өртеп, оларды қараусыз қалдыруынан орын алады.
Жазғы маусым үшін қоқыс тазалау және оны жағу көптеген зиян келтіру әдеттегі рәсім. Өкінішке орай, көптеген азаматтар, бақшасында немесе құрылыс маңында от жағып оны қараусыз тастап кетеді. Қараусыз қалған от лезде қора немесе үйге ауып үлкен өртке айналып кетуі мүмкін.
Өрт қауіпсіздік шаралын сақтау өрттердің азаюының басты шарты. Ең біріншіден жағылған оттарды қараусыз қалдырмау, бақшалар мен үй маңайын ескі жапырақтар мен қоқыстан уақытылы тазалап отыру, сонымен қатар желді күні от жағуға тиым салынады. Қоқыстарды жағу үйлер мен ғимараттардан 50 метрден кем емес ара қашықтықта орындалу қажет. Бұдан басқа, үй маңайында тез жанғыш және сұйық газы бар ыдыстарды сақтауға болмайды.
Құрғақ жапырақ пен қоқыстан болған өрт тұрғын үй мен құрылыстарға тез ауып, материалды шығын келтіріп, ең бастысы адам өліміне әкеліп соғуы мүмкін екенін ұмытпайық.
Үржар ауданының ТЖ бөлімі!