Ақпараттық хабарландыру

Ақпараттық хабарландыру

Үржар аудандық әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізеді.

Конкурсқа қатысуға жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғаларды, сонымен қатар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартына бір жыл бойы қол қоюдан бас тартқан конкурс жеңімпаздарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына рұқсат етіледі. 

 

Конкурсқа қатысу тәртібі

Конкурсқа қатысуға өтінімді белгіленген ақпараттық хабарламаның мерзімінен кешіктірмей ресімдеген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары жіберіледі.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу он бес   жұмыс күн ішінде 2023 жылдың 27 ақпанынан 2023 жылдың 20 наурызына дейін Абай облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылының Абылайхан көшесі 141, 1-этаж орналасқан «Абай облысы Үржар ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-і мекен-жайы бойынша жүзеге асырылады телефон 8(72230) 3-37-00.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныста:

      1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

      2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

   3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

                  Өтініш беруші конкурсқа қатысуға өтінім бергеннен кейін 2023 жылғы                         20 наурыз күні сағ: 18.30  дейін желімделіп жабылған жеке конвертте жер телімін пайдалану жөнінде ұсынысын (конкурстық өтінім) береді.

        Конкурстық өтініштерімен конверттерді ашу 2023 жылғы 24 наурыз күні сағат 10.00-де Үржар ауылының Абылайхан көшесі 141 мекен-жайы бойынша                           (Абай облысы Үржар ауданының жер қатынастары бөлімінде) болады.

Конкурс:

  • Конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден аз өтінім келіп түскен;
  • Егер конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден аз қатысушы жіберілген жағдайларда, өткізілмеді деп танылады.

 

 

 

            Конкурсқа шығарылатын ауыл шаруашылығы жерлерінің тізімі

  

 

  

 

Жер телімінің орналасқан жері

Санаты

Көлемі

Балл бонитеті

Топырақтың сапалық сипаттамасы

Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы

1

Елтай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 1,7 шақырым

егістік

5,5

12

құрғақ дала тау етегі

мал және өсімдік шаруашылығы

2

Елтай ауылынан оңтүстікке қарай 5,5 шақырым

егістік

25

12

құрғақ дала тау етегі

мал және өсімдік шаруашылығы

3

Елтай ауылынан солтүстікке қарай 6,6 шақырым

егістік

55

12

құрғақ дала тау етегі

мал және өсімдік шаруашылығы

4

Елтай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 6,1 шақырым

егістік

10

12

құрғақ дала тау етегі

мал және өсімдік шаруашылығы

5

Елтай ауылынан оңтүстікке қарай 4,7 шақырым

егістік

43

12

құрғақ дала тау етегі

мал және өсімдік шаруашылығы

6

Елтай ауылынан оңтүстікке қарай 6,8 шақырым

егістік

20

12

құрғақ дала тау етегі

мал және өсімдік шаруашылығы

7

Елтай ауылынан оңтүстікке қарай 6,7 шақырым

егістік

40

12

құрғақ дала тау етегі

мал және өсімдік шаруашылығы

8

Елтай ауылынан солтүстікке қарай 3,25 шақырым

егістік

40

12

құрғақ дала тау етегі

мал және өсімдік шаруашылығы

9

Жоғарғы Егінсу ауылынан шығысқа қарай 1,7 шақырым

егістік

24

13

жартылай шөлді

мал және өсімдік шаруашылығы

10

Жоғарғы Егінсу ауылынан солтүсіткке қарай 3,5 шақырым

егістік

21

13

жартылай шөлді

мал және өсімдік шаруашылығы

11

Жоғарғы Егінсу ауылынан солтүстік-батысқа қарай 16,0 шақырым

егістік

56

13

жартылай шөлді

мал және өсімдік шаруашылығы

12

Жоғарғы Егінсу ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 4,1  шақырым

егістік

22,7

13

жартылай шөлді

мал және өсімдік шаруашылығы

13

Жоғарғы Егінсу ауылынан солтүстікке қарай 5,0 шақырым

егістік

11

13

жартылай шөлді

мал және өсімдік шаруашылығы

14

Жоғарғы Егінсу ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 2,0 шақырым

егістік

5

13

жартылай шөлді

мал және өсімдік шаруашылығы

15

Жоғарғы Егінсу ауылынан солтүстікке қарай 2,0 шақырым

егістік

3

13

жартылай шөлді

мал және өсімдік шаруашылығы

16

Жоғарғы Егінсу ауылынан батысқа қарай 6,0 шақырым

егістік

17,5

13

жартылай шөлді

мал және өсімдік шаруашылығы

17

Жоғарғы Егінсу ауылынан батысқа қарай 6,5 шақырым

егістік

10

13

жартылай шөлді

мал және өсімдік шаруашылығы

18

Жоғарғы Егінсу ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10,0 шақырым

егістік

56,6

13

жартылай шөлді

мал және өсімдік шаруашылығы

19

Жоғарғы Егінсу ауылынан батысқа қарай 3,5 шақырым

егістік

32

13

жартылай шөлді

мал және өсімдік шаруашылығы

20

Жоғарғы Егінсу ауылынан батысқа қарай 4,0 шақырым

егістік

30

13

жартылай шөлді

мал және өсімдік шаруашылығы

21

Жоғарғы Егінсу ауылынан батысқа қарай 7,0 шақырым

егістік

5,3

13

жартылай шөлді

мал және өсімдік шаруашылығы

22

Жоғарғы Егінсу ауылынан солтүстікке қарай 11,2 шақырым

егістік

24,7

13

жартылай шөлді

мал және өсімдік шаруашылығы