Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген қызметшілермен түсіндірме жұмыстары

Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген қызметшілермен түсіндірме жұмыстары

Әдеп жөніндегі уәкілдің 2026 жылдың III тоқсанына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, Абай облысы Үржар ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл М. Бапиновамен Алтыншоқы, Қаракөл ауылдық округтерінің, Үржар ауданының дене шынықтыру және спорт, ішкі саясат, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің, сондай-ақ Үржар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген жас мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын сақтау, лудоманияның алдын алу, мүлікті сенімгерлік басқаруға беру мәселелері, мемлекеттік қызметшінің өзінің жақын туыстары атқаратын лауазымға тікелей бағынысты лауазымды атқаруы, сондай-ақ жақын туыстарының, жұбайының және жекжаттарының тікелей бағынысында болуына жол бермеу талаптарын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.