
Ағымдағы жылдың 7-тамызында Үржар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 07.07.2026 жылғы №12 қаулысымен бекітілген «2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған ҚР Құрылтайының депутаттарын сайлау науқаны кезеңінде сайлау комиссиясы мүшелерін және сайлау процессінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы Үржар ауданының АСК-ның Жоспарына» сәйкес ауданның 43 УСК-ы мүшелерімен «Дауыс беру қорытындыларын анықтау, хаттамаларды рәсімдеу және жоғары тұрған комиссияға ұсыну тәртібі және сайлау комисияларының дайындығын бағалау» тақырыбында онлаин семинар өткізілді.
Онлаин семинармен УСК-ы төрағалары, орынбасарлары және хатшылары – 129 адам қамтылды. Тақырыпқа сәйкес УСК-ы мүшелері сайлауды қорытындылау процессіндегі жұмыс ретімен, хаттамаларды рәсімдеу мен ААСК-ына ұсыну және басқа ережелермен таныстырылды. ҚР сайлау туралы 1995 жыл №2464 Конституциялық заңына енгізілген түзетулер мен өзгертулермен қайталап таныстырылды. Оқыту семинары тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берумен аяқталды.