Үржар аудандық АСК-ының 07.07.2026 жылғы №12 қаулысымен бекітілген «2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған ҚР Құрылтайының депутаттарын сайлау науқаны кезеңінде сайлау комиссиясы мүшелерін және сайлау процессінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Жоспарына» сәйкес ағымдағы жылдың 20-шілдесінде І. Жансүгіров атындағы ОМ-де Ақжар және Үржар ауылдық округтерінің №422,423,424,425,426,429,430,431,432,433,434,435 және 436 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерімен «Дауыс беру күніндегі рәсімдер бойынша тәжірибелік треннингтер және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Тақырыпқа сәйкес УСК-ы мүшелері ҚР сайлау туралы 1995 жыл №2464 Конституциялық заңына енгізілген түзетулер мен өзгертулермен таныстырылды, Құрылтай депутаттарын сайлауын өткізудің дайындық және ұйымдастыру мәселелерімен, сайлаушыларды ақпараттандыру, сайлауалды үгіт,  сайлау процессіне қатысушылардың өзара іс-қимылдары, мүгедек жандарға сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі минималды талаптар жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқыту семинары треннингтік тәсілмен жалғасын тауып, УСК мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берумен  аяқталды.

Бекітілген жоспар бойынша оқыту семинарлары алдағы кезеңде ауданның қалған УСК мүшелерімен, елді мекендердің орналасу реттілігіне сай, жинақталып, көшпелі түрде жалғасын табады.