
Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Жоспарына» сәйкес ағымдағы жылдың 10-шілдесінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерімен «Сайлау заңнамасындағы өзгерістер мен сайлау рәсімдері» тақырыбында оқыту өткізілді.
Тақырыпқа сәйкес биылғы жылғы 15-наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-шілдеден бастап күшіне енуіне байланысты, ААСК-ы мүшелері ҚР сайлау туралы 1995 жыл №2464 Конституциялық заңның жаңа редакциясымен таныстырылып, заңнамаға енгізілген түзетулер мен өзгертулерге жауап алды.
Бекітілген жоспар бойынша оқыту семинарлары алдағы кезеңде УСК мүшелерімен өткізілетін болады.