
«Ауылдың дамуы – жастардың қолында» тақырыбында өткен кездесуге жиналған жастар өз ойларымен бөлісіп, Үржар ауылының дамуы жөніндегі көкейдегі жүрген сұрақтарына ауылдық округ әкімі М. Әмірбаевтан толыққанды ақпарат алды.
Кездесуге Үржар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары Б. Ғалиев, «Жас сайлаушылар клубының» мүшелері және «Жасыл ел» бағдарламасына қатысып, ауылды абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарымен айналысып жүрген студент және оқушы жастар жасағы қатысты.