Абай облысы Үржар ауданы Көкөзек ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну туралы ақпарат

Абай облысы  Үржар  ауданы  Көкөзек ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну туралы ақпарат

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2026 жылғы 10 маусымда Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 19 шілдеге Абай облысы, Үржар ауданы, Көкөзек ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.

2026 жылдың 11 маусымнан бастап Көкөзек ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.

2026 жылдың 23 маусымдағы жағдай бойынша 3 кандидат ұсынылды.

3 кандидат өзін-өзі ұсынылды.

Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 23 маусымда сағат 18:00-де аяқталды.

Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы