АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАНДЫРУ!

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАНДЫРУ!

 Үржар аудандық «Уақыт тынысы» («Пульс времени») газеті ЖШС-гі сайлауалды үгіт материалдарын жариялау үшін тіркелген кандидаттар мен партиялық тізімдерге ұсынылған саяси партияларға баспа алаңын келісімшарт негізінде беру туралы хабарлайды.

Сайлау материалдарын жариялау «Қазақстан Республикасының кейбір Конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 29 маусымдағы №162-VI ҚР Конституциялық  Заңының 28-бабы 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

Тіркелген кандидаттар мен партиялық тізімге ұсынылған саяси партиялар үшін үгіт материалдарын орналастыруға арналған баспа алаңының құны бір шаршы сантиметр үшін 350 теңгені құрайды. Мазмұны Конституцияға қарсы сипаттағы материалдар жариялауға жатпайды.