Қарақол және Қоңыршәулі ауылдық округінің сайланған әкімдеріне куәлік табыстау

Қарақол және Қоңыршәулі ауылдық округінің сайланған әкімдеріне куәлік табыстау

2026 жылғы 17 мамырда Үржар ауданы Қарақол және Қоңыршәулі ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті.
Дауыс беру нәтижелері бойынша Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 45-бабын басшылыққа ала отырып, 18 мамыр сайланған әкімдерді тіркеді. 
Салтанатты рәсім барысында Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы-Каримов Еркин Муратханович Қарақол ауылдық округі әкімі Садаев Қуанышбек Қазыкенұлына, Қоңыршәулі ауылдық округі әкімі Қосжанов Асқар Серікұлына қызметтік куәліктерін табыс етті.