2026 жылдың 17 мамыр күні Үржар ауданының Қарақол және ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.
Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Үржар ауданы Қарақол және Қоңыршәулі ауылдық округтері әкімдерінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Қарақол ауылдық сайлау округі
Қарақол ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1112 азамат енгізілді, олардың 997-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны–0, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған-0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Доланбаев Ернұр Айдосұлы – 159; Рахымбеков Ризабек Алашбекович – 140; Садаев Куанышбек Казыкенович-698.
Қарақол ауылдық округінің әкімі болып Садаев Қуанышбек Қазыкенұлы сайланды, 1986 жылы туған, «Үржар ауданының Қарақол ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, бас маман, Қарақол ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2026 жылғы 18 мамырдағы шешімімен Үржар ауданының Қарақол ауылдық округінің әкімі болып сайланған – Садаев Қуанышбек Қазыкенұлы тіркелді.
Қоңыршәулі ауылдық сайлау округі
Қоңыршәулі ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1423 азамат енгізілді, олардың 1209-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны–0, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған-0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Елекенов Қуаныш Жанахметұлы – 157; Қосжанов Асқар Серікұлы– 870; Мейірманов Ақжол Серікұлы-182.
Қоңыршәулі ауылдық округінің әкімі болып Қосжанов Асқар Серікұлы сайланды, 1978 жылы туған, «КАЖ сервис» ЖШС АОФ №24, жол пайдалану бөлімінің 9 разрядтағы жол шебері, Таскескен ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2026 жылғы 18 мамырдағы шешімімен Үржар ауданының Қоңыршәулі ауылдық округінің әкімі болып сайланған – Қосжанов Асқар Серікұлы тіркелді.
Үржар ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы