2026 жылы 27 ақпан күні Үржар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумға дайындық шеңберінде 43 учаскелік референдум комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары және хатшылары (жиыны-129 қатысушы) үшін каскадты оқыту семинарын ұйымдастырды.

Семинардың негізгі мақсаты – комиссия мүшелерінің кәсіби даярлығын арттыру, референдумды өткізу кезінде заң талаптарын бірізді және дұрыс қолдануды қамтамасыз ету, сондай-ақ дауыс беру процесінің ашықтығы мен заңдылығын күшейту.

Іс-шара барысында қатысушыларға референдум күнін ұйымдастыру тәртібі, «тыныштық күні» талаптарын сақтау, дауыс беру учаскесінде жұмысты тиімді жүргізу, бюллетеньдерді беру мен есепке алу, сондай-ақ дауыстарды санау алгоритмі жан-жақты түсіндірілді. Теориялық бөлім практикалық жұмыстармен ұштастырылып, комиссия мүшелері нақты жағдайларға негізделген тапсырмаларды орындады.

Семинар қорытындысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, референдумды жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізуге дайындықтарын нығайтты. Каскадты оқыту алдағы уақытта учаскелік комиссиялардың үйлесімді әрі сапалы жұмыс істеуіне мүмкіндік береді деп күтілуде.