Хабарландыру! Құрметті Үржар ауданының тұрғындары!

Хабарландыру! Құрметті Үржар ауданының тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №899 бұйрығымен бекітілген 2024–2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары жоспарын іске асыру мақсатында, ауыл тұрғындарының құқықтық ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін Үржар ауданының ауылдық округ әкімдері аппараттарында «Құқық кабинеттері» ашылғанын хабарлаймыз.

 

«Құқық кабинеттері» тұрғындардың ақпараттық жүйелерге еркін әрі қолжетімді қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесімен, «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталымен, «eGov» және «e-Otinish» ақпараттық жүйелерімен жабдықталған.

 

Аталған құқық кабинеттері шеңберінде азаматтарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тегін заң көмегі көрсетіледі.

 

Заң көмегі еңбек қатынастары, әлеуметтік қамсыздандыру, жер қатынастары, тұрғын үй мәселелері, отбасы және әкімшілік құқық, сондай-ақ өзге де құқық салалары бойынша кеңес беру және құқықтық түсіндіру түрінде жүзеге асырылады.

 

Бұл бастама тұрғындардың құқықтық мәселелерін заңнама шеңберінде уақытылы әрі тиімді шешуге мүмкіндік береді.