
Сабақтың мақсаты — білім алушыларды Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесінің қалыптасу тарихымен таныстыру, тәуелсіздік принципінің сайлау институтын дамытудағы рөлін ашу, тәуелсіздік алғаннан кейінгі сайлау жүйесінің даму кезеңдерін, негізгі саяси реформаларды және азаматтардың еркін әрі саналы таңдау жасауының маңызын түсіндіру.
Сабақ барысында оқушылар еліміздегі демократиялық үдерістердің дамуы, сайлаудың азаматтық қоғамды қалыптастырудағы рөлі және әрбір азаматтың ел болашағы үшін жауапкершілігі туралы мәлімет алды. Ашық сабақ жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және азаматтық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған.