
2026 жылдың 28 қаңтарында Үржар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Сайлауға қатысу – азаматтық борыш» тақырыбында
Үржар колледжі студенттерімен пікір алысу кездесуін өткізді.
Іс-шараның мақсаты – студенттерге тәуелсіздік принципінің сайлау процесіндегі маңызын түсіндіру, жастардың еркін әрі саналы таңдау жасауына ықпал ету, саяси еркіндік пен азаматтық жауапкершіліктің негіздерін қалыптастыру.Пікір алысу барысында қатысушылар сайлаудың қоғамдағы рөлі, жастардың белсенділігі, әрбір азаматтың дауыс беру арқылы ел болашағына әсер ету мүмкіндігі туралы ой бөлісті. Студенттер өз көзқарастарын ашық айтып, белсенділік танытты.
Іс-шара жастардың азаматтық санасын арттыруға, демократиялық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.