"Дариға-ай" жастар театры

"Дариға-ай" жастар театры

Ауданымыздың Үржар және Таскескен ауылдарында “Дариға-ай” жастар театры белгілі ақын, драматург Мерей Қарттың тұңғыш туындысы "Белгісіз бағыт” қойылымын сахналады.

Қойылымның негізгі мақсаты - қазіргі уақыттағы ең өзекті мәселенің бірі экстремизм мен терроризм қасіретінен жас буын өкілдерін қорғау, олардың теріс ағымға еріп кету қаупінің алдын алу.

Бұл қойылымның жас ұрпаққа терең ой салып, белгісіз бағытқа түспей, саналы шешім қабылдауға тигізетін үлесі орасан зор. Спектакльді ауданымыздың тұрғындары, зиялы қауым, жас буын өкілдері тамашалады.