
Бүгін 02.12.2025ж. аудан орталығы Үржар ауылында «Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні» кәсіби мерекесі өтті.
Салтанатты шараға Абай облысы ауыл шаруашылығы басқармасының экономикалық, стратегиялық талдау және азық түлік қауіпсіздігін бақылау бөлімінің басшысы Ргаев Ерлан Кенжебекұлы аудан басшылары, Абай облысының «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ несие бөлімінің бас маманы Чукенова Диана Жайықовна, ауылдық округ әкімдері, енбек ардагерлері, шаруа қожалықтарының басшылары, ауыл еңбеккерлері қатысты.
Бүгінгі мерекеге орай, ауданымыздың Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің "Еңбек ардагері" медальмен Ахметов Тәңірберген марапатталды.
«Аманат» партиясының даму бағытын қолдап, игі бастамалардың жүзеге асуына белсене атсалысқаны, сондай-ақ елдің өркендеуіне және агроөнеркәсіп саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі мен қажырлы еңбегі үшін «Аманат» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың құрмет грамотасымен Карашев Мамырбек Бахтыгазыұлы, «Аманат» партиясының алғыс хатымен Кәрімұлы Ақиқат марапатталды.
Үржар ауданының дамуына еңбегін сіңіргені үшін тағайындалатын «Абырой» төсбелгісімен Ашимгазинов Мұрат Даярович, Нуржанов Саябек Кенжегазинович марапатталды.
Соңымен қатар, ауылшаруашылығы күніне орай, ауданымыздың дамуы мен өркендеуі жолында еселі еңбек еткені үшін Үржар ауданы әкімінің "Алғыс хатымен" мекеме қызметкерлері мен шаруа қожалықтары марапатталады.