
2025 жылы 28 қараша күні Үржар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері «Ауылдық округтер әкімдерін сайлау: сайлау процессінің құқықтық негіздері» тақырыбында №422, №423, №424 учаскелік сайлау комиссия мүшелеріне семинар өткізді. Семинар барысында сайлау процесін ұйымдастыру, сайлау учаскелеріндегі тәртіп ережелері, белгіленген құжаттармен және есептермен жұмыс, сайлау бюллетеньдерімен жұмыс тақырыптары талқыланды.