
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
25 қазан — Республика күнінде еліміздің дамуына зор үлес қосқан, туған жердің өркендеуіне орасан еңбегімен атсалысқан ауданымыздың азаматтары жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды!
«Ерен еңбегі үшін» медалімен —
Үржар ауданының әкімі Ақылбек Жұмабекұлы Башимбаев және беделді кәсіпкер, меценат Талғат Сақанұлы Сақан марапатталды.
«Абай облысына сіңірген еңбегі үшін» ақын, өлкетанушы Құсмілия Жырғалыұлы Нұрқасым мен беделді кәсіпкер, Марат Мешітбайұлы Хасенов
марапатталды!
Халық игілігі үшін жасалған қажырлы еңбегіңізге зор алғыс, абыройларыңыз асқақ болсын!