
Құрметті жерлестер!
Сіздерді ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Егемендігіміздің бастауы болған бұл күн – еліміздің тарихындағы айрықша мереке.
Бұл — ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың, ел еркіндігінің нышаны.
Бүгінгі таңда елімізде қалыптасқан тұрақтылық пен бірліктің арқасында мемлекетіміздің мәртебесі биіктеп, абыройы асқақтап келеді.
Сіздерге мықты денсаулық, мол бақыт, ырыс-береке тілеймін!
Отанымыздың өркендеуі мен дамуы жолындағы еңбектеріңізге табыс, барлық бастамаларыңызға сәттілік серік болсын!
Республика күні құтты болсын!
Құрметпен аудан әкімі Ақылбек Башимбаев