Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері

Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері

2025 жылы 17 маусым күні Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Отырысқа Үржар ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингтеу және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы Ж.Оразбаева, Үржар ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" ММ бас маманы Т. Андасов, «Үржар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» маманы А.Қажымұқанов, «Үржар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»ММ, сектор меңгерушісі- С.Адильжанов және ауылдық округ мамандары қатысты. Кездесу барысында ауданымыздың сайлау учаскелері орналасқан ғимараттардың сайлау учаскелеріне қолжетімділіктің интерактивті картасы бойынша жоспармен таныстырылып, мүгедектігі бар сайлаушылардың кедергісіз сайлауға қатысуын қамтамасыз етіп, атқарылатын іс-шаралар талқыланды.