2025 жылы 30 мамыр күні Үржар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері «Ауылдық округтер әкімдерін сайлау: сайлау процессінің құқықтық негіздері» тақырыбында №425, №426, №429, №430, №431, №432, №433, №434, №435, №436 учаскелік сайлау комиссия мүшелеріне семинар өткізді. Семинар барысында сайлау процесін ұйымдастыру, сайлау учаскелеріндегі тәртіп ережелері, белгіленген құжаттармен және есептермен жұмыс, сайлау бюллетеньдерімен жұмыс тақырыптары талқыланды.