Ауылдық округтер әкімдерін сайлау

Ауылдық округтер әкімдерін сайлау

2025 жылы 27 мамыр күні Үржар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері «Ауылдық округтер әкімдерін сайлау: сайлау процессінің құқықтық негіздері» тақырыбында №408, №409, №410, №415, №419 учаскелік сайлау комиссия мүшелеріне семинар өткізді. Семинар барысында сайлау процесін ұйымдастыру, сайлау алды үгіт және сайлау күні сенім өкілдері мен байқаушылардың құқықтары мен міндеттері бойынша заңдылықтар,  сайлау учаскелеріндегі тәртіп ережелері, белгіленген құжаттармен және есептермен жұмыс, сайлау бюллетеньдерімен жұмыс тақырыптары талқыланды.