2024 жылғы 31 наурызда өткен Үржар аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама
2024 жылғы 31 наурызда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Үржар аудандық мәслихаттың орнына депутат сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 3398 азамат енгізілді. Дауыс беруге 2826 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 47 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны -3 .
Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Үржар аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
№ 1 сайлау округі бойынша
Бияхметова Аяжан Ержанқызы үшін сайлаушылардың 214 дауысы берілді,
Көкеев Нұрлан Санақұлы үшін сайлаушылардың 868 дауысы берілді,
Сәбитов Сабырбек Тұңғышбайұлы үшін сайлаушылардың 1744 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 0;
Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Үржар аудандық мәслихаттың депутаты болып:
№ 1 сайлау округі бойынша – Сәбитов Сабырбек Тұңғышбайұлы, 1964 жылы туған, «Үржар колледжі» МКМ, директордың міндетін атқарушы, Таскескен ауылы, Үржар ауданы.
Үржар аумақтық сайлау комиссиясы