Абай облысының әкімдігі «Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ атынан 2025 жылғы 17 қаңтарда жарияланған 2025 жылғы 18 ақпанда сағат 10.00-де маршруттарға қызмет көрсету құқығына конкурс өткізудің тоқтатылғаны туралы хабарлайды.
Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 30 наурыздағы № 64 қаулысымен Абай облысының аумағында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурстар өткізу жөніндегі конкурстық комиссия құрылды.
Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларының 155-тармағына және 156-тармағына өзгерістер енгізілуіне байланысты «Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 30 наурыздағы № 64 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.
Маршруттарға қызмет көрсету құқығына Конкурс конкурстық комиссияның құрамына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін жарияланатын болады.