- Абай облысының әкімдігі, «Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ тұлғасында 2025 жылдың 12 желтоқсан күні сағат 10.00-де өтетін маршруттарға қызмет көрсету құқығына конкурс өткізетіні туралы хабарлайды.
- Конкурсқа мынадай маршруттар шығарылады:
Лот № 1
Семей – Қалбатау-Жаңғызтөбе, ұзындығы – 191 км
Лот № 2
Семей – Шемонайха, ұзындығы 125 км
Лот № 3
Семей – Жерновка – Жаңа Шүлбі – Песчанка, ұзындығы – 127 км
Лот № 4
Аягөз – Алматы, ұзындығы – 788 км
Лот № 5
Семей – Өскемен, ұзындығы 218 км
Лот № 6
Семей – Риддер, ұзындығы – 298 км
Лот № 7
Семей – Ескі бекініс, ұзындығы – 17 км
Лот № 8
Семей – Бесқарағай – Қарағайлы а.– Қоянбай а., ұзындығы – 180 км
Лот № 9
Үржар – Алматы, ұзындығы – 798 км
Лот № 10
Семей – Көкпекті, ұзындығы - 240 км
- Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
- Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер «Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нен конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Семей қаласы, Достоевский көшесі, 110 мекенжайы бойынша ұсынуы тиіс.
- Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2025 жылдың 28 қараша.
- 2025 жылдың 18 қараша сағат 10.00-де конкурстық Комиссия конкурс өткізу мәселелері бойынша конкурс алдындағы конференция өткізеді.
- Анықтама алу үшін телефон: 35-55-14