Құрметті қызмет алушылар!

Құрметті қызмет алушылар!

«Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 2025 жылдың 2 маусымынан бастап «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсету Семей қаласындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімінде жүзеге асырылатынын хабарлайды. Мекенжайы: Семей қаласы, Қаржаубайұлы көшесі, 249.

          2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. бұйрығымен бекітілген шағын көлемді кемелерді басқару құқығына кеме жүргізушілерін аттестаттау қағидаларының 6-тармағына сәйкес, куәліктерді ресімдеу жергілікті атқарушы органдармен емтиханды сәтті тапсырған жағдайда жүзеге асырылады.

          Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорацияға келесідегідей құжаттарды ұсыну қажет:

          1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алу:
          осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
          кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы диплом не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәлік. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашқан және уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде есепте тұрған ұйымдар берген шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін жарамды болып табылады;
          Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 073/е нысаны бойынша медициналық анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – 073/е нысандағы медициналық анықтама);

          2,5х3,5 сантиметр өлшемiндегi екi фотосурет;

          жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

          2) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқа:
          осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі бір фотосурет;

жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
          3) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік:
          осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік;

          № 073/е нысаны бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі;
          2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі екі фотосурет;
          жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

          4) жүзу ауданының және (немесе) кеме үлгісінің өзгеруіне байланысты өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік;
          № 073/е нысаны бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі;

          2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі екі фотосурет;

          жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).