Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағы 76-1) – тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. «Жануарлар дүниесі обьектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындарымен мерзімдерін белгілеу туралы» 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. 2025 жылы балық ресурстары және басқа да су жануарларының уылдырық шашу кезеңінде Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдерінде және олардың құяр сағалары мен шығанақтарында, Үржар, Бесқопа, Ырғайты, Теректі, Тентек, Қатынсу, Емел, Ұялы, Қаракөл, Жіңішкесу, Шынжылы өзендерінде 2025 жылғы 25 сәуірден 2025 жылғы 16 маусымды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін. 2. Балық ресурстары және басқа да су жануарларының уылдырық шашу кезеңінде табиғат қорғау заңнамасын бұзудың алдын-алу мақсатында, Алакөл балық инспекциясы және балық шаруашылығы бөлімінің бөлім басшылары төменгідей шаралар атқарсын: 2.1. 2025 жылдың 14 сәуіріне дейін осы бұйрықты Алакөл көлдер жүйесінің балық аулау мекемелерінің басшыларына жеткізсін. 2.2 Балық ресурстары және басқа да су жануарларының уылдырық шашу кезеңінде табиғат қорғау заңнамасын бұзудың алдын-алу мақсатында, Алакөл көлдер жүйесінің балық шаруашылығы субъектілерімен балық аулау құралдарын жағаға шығарып, жүзу құралдарын олардың тіркелген орындарына (балық
қабылдау пункттері, жағалау сызығы) шығаруды қамтамасыз етсін.
2.3. 2025 жылдың 15 сәуіріне дейін бұқаралық ақпараттар құралдарына
балық ресурстары және басқа да су жануарларының уылдырық шашу кезеңінде,
табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы мақалалар
жариялануын қамтамасыз етсін.
2.4. Инспекция бөлімдерінің инспекторлық құрамы қолданыстағы заңнама
шеңберінде жоғарыда көрсетілген мерзім аралығында барлық жүзу құралдарын
балық, олардың өнімдерінің және балық аулау құралдарын заңсыз тасымалдау
фактілерін тексерсін.
2.5. Жеке меншігінде жүзу көлік құралдары бар заңды және жеке тұлғаларға
осы су айдындарында кемелердің кез келген маршруттарын міндетті түрде
Инспекциямен келісілуі қажет екендігі туралы хабарлансын.
2.6. Осы бұйрықтың орындалуы Алакөл балық инспекциясы бөлімінің және
балық шаруашылығы бөлімінің басшыларына жүктелсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
Негізгі: «Балық шаруашылығы ғылыми-өндрістік орталығы» ЖШС-нің
2025 жылғы 7 cәуірдегі № 1-7/208 хатымен жолданған ұсынымы.