Абай облысындағы қоршаған орта сапасының мониторингі: жазғы кезең

Абай облысындағы қоршаған орта сапасының мониторингі: жазғы кезең

Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 37-бабына сәйкес, 2024 жылы қоршаған орта сапасының мақсатты көрсеткіштері (ҚОСМК) бекітілді.

Қазіргі уақытта қандай жұмыстар жүргізілуде?
Қазіргі уақытта жыл сайынғы мониторинг жүргізілуде. Бекітілген жоспар-кестеге сәйкес, қазіргі таңда жұмыстардың жазғы кезеңі жүзеге асырылуда.

2026 жылғы 24 шілдеде өңірдегі бекітілген нүктелер бойынша:

  • атмосфералық ауаның сапасына аспаптық өлшеулер жүргізілді;
  • жергілікті су айдындарынан су сынамалары алынды.

Бұл не үшін қажет?
Тұрақты түрде жүргізілетін өлшеулер өңірдегі экологиялық ахуалды жедел бақылауға, ауытқуларды анықтауға және облыста қоршаған орта сапасын жақсартуға бағытталған іс-шаралардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Мониторингтің жазғы кезеңі жалғасуда. Біз өңіріміздің экожүйесінің жай-күйін мұқият бақылап отырмыз!