5 маусым – кәсіби мерекелерге орай Абай облысында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды

5 маусым – кәсіби мерекелерге орай Абай облысында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Абай облысында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Бүгінде елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді абаттандыру, қалдықтарды басқару және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Абай облысында да бұл жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Өңірімізде сенбіліктер, ағаш отырғызу, аумақтарды тазарту және түрлі экологиялық акциялар тұрақты ұйымдастырылуда. Бұл – табиғатты қорғау бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін көрсетеді.
Биыл 4 сәуір мен 30 мамыр аралығында облыстың барлық елді мекендерінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 233 мыңнан астам тұрғын қатысып, 21 272 аула, 523 саябақ пен сквер тазартылып, 25 559 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды.
Мерекелік іс-шараға білім ордасының студенттері, жастар, қоғам белсенділері, еріктілер қатысты.
Іс-шара барысында қоршаған ортаны қорғау саласының дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталып, Абай облысының әкімі Берік Уәлидің және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың Алғыс хаттары табысталды.