2025 жылғы 16-18 мамыр аралығында Павлодар қаласында өткен Ұлы Отан соғысының ардагері, Баянауыл ауданының құрметті азаматы Ізбастин Рымтай Ізбастыұлын еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы қазақ күресінен республикалық турнирде — Абай облысының құрамасы намысты қолдан бермеді!
Жарыс нәтижесі бойынша облыс спортшылары келесі жетістіктерге жетті:
Қантбеков Ералы (50 келі) – алтын алқа
Мұрат Әлібек (46 келі) – қола алқа
Балтақаев Ілияс (55 келі) – қола алқа
Қасымов Әли (60 келі) – қола алқа
Әлімбекұлы Әліпбай (82 келі) – қола алқа
Арманұлы Аңсар (+100 келі) – қола алқа
Алибеков Нұрали (+100 келі) – қола алқа
Абай облысы жастарының бұл жеңісі — табандылық пен қажырлы еңбектің жарқын нәтижесі. Жас балуандарға тек биіктерден көріне берулерін тілейміз!