2025 жылғы 15-16 мамыр күндері “Жұлдыз-ай” ұлттық инклюзивті ойындарының спартакиадасының облыстық кезеңі өз бастауын алды. Аталмыш жарысқа 10-16 жас аралығындағы балалар қатысты.
Қатысушылар екі жас санатына бөлінді:
• Кіші жасөспірімдер тобы – 2012-2015 жылдары туғандар
• Үлкен топ – 2009-2011 жылдары туғандар
Бұл шара инклюзивті спортты дамытуға және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталған.