Аягөз ауданында 2012-2014 жылы туылған жасөспірімдер арасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған жекелей облыстық турнир өтті.
Турнир “Бас табан”, “Бес асық” ұлттық ойын түрлері бойынша ұйымдастырылып, өңіріміздің ең үздік жас спортшылары өз шеберліктерін көрсетіп, бақтарын сынады.
Бұл сайыс жас ұрпаққа ұлттық ойындарды дәріптеп, батырлар рухына тағзым ету мақсатында өткізілді.