Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Е.Абылкасимовтың қатысуымен өңірдің спорт тарихына арналған “Абай облысы: Балуандар мен бапкерлері» атты көлемді жинақтың жарыққа шығуына арналған жиын өтті.
Кітаптың қолжазбасын құрастырушылардың бірі — ҚР Құрметті азаматы,спорт қайраткері, С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты, ҚР Журналистер одағының мүшесі Өмірзақ Сұлтанов жиынға қатысып, басылым мазмұны мен маңызын таныстырды.
Көлемі 800 беттен тұратын бұл жинақта Абай облысындағы күрес спортының даму тарихы, ел намысын қорғаған балуандар мен оларды тәрбиелеген бапкерлер жайлы тың деректер мен фотоматериалдар топтастырылған.
Іс-шара барысында кітапты баспадан шығару мәселесі кеңінен талқыланды.
Қатысушылар өз ұсыныстарын білдіріп, мұндай еңбек ел жастары үшін тағылымды мұра болатынын атап өтті.
Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі