Елімай – Оқжетпес | 7-тур нәтижесі
Бүгінгі матч Абай облысының Терроризмге қарсы комиссиясы мен Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен өте маңызды әрі өзекті тақырыпқа арналды. Ойын “ТЕРРОРИЗМГЕ ЖОЛ ЖОҚ! ұранымен басталды.
Бүгін Қазақстан Премьер-Лигасының 7-туры аясында өткен ойында Елімай өз алаңында Оқжетпеске 0:2 есебімен жол берді. Қонақтар ойын барысында басымдық танытып, екі нәтижелі шабуылымен жеңісті жұлып әкетті.
Бұл нәтиже Елімай үшін ауыр соққы болғанымен, маусым әлі алда. Келесі турда команда жанкүйерлер үмітін ақтайды деп сенеміз!
Алға, Елімай!