Абай облысында ерекше спорт түрі – бочча бойынша ерлер және әйелдер арасындағы ашық турнир өтті. Турнирге облыс аумағынан келген түрлі жастағы спортшылар қатысты.
Шараның басты мақсаты – бочча спортын насихаттау, мүмкіндігі шектеулі жандардың белсенді өмір салтын қолдау және спорт арқылы әлеуметтік бейімделуіне ықпал ету болды.