Бүгін Абай облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы “Таза Қазақстан” акциясы және санитарлық-экологиялық екі айлық аясында өткен сенбілікке қатысып, Семей қаласының тазалығы үшін бірлесе еңбек етті.
Басқарма қызметкерлері мен бағынысты мекемелердің мамандары қаланың әр бұрышын қоқыстан тазартып, экологиялық мәдениетті насихаттауға атсалысты.
Бұл шара – қоршаған ортаны аялауға, туған жерге жанашырлықпен қарауға бағытталған маңызды қадам.