Абай облысының жасанды рельефтегі тау туризмінен спорттық туризм бойынша кубогының ІІІ -кезеңі өтті

Абай облысының жасанды рельефтегі тау туризмінен спорттық туризм бойынша кубогының ІІІ -кезеңі өтті

Іс-шара «Спорт – экстремизм мен терроризмге қарсы» ұранымен өтті. Жарысқа аймақтың ең мықты спортшылары мен жас туристері қатысты.

Қатысушылар өз шеберліктерін, төзімділіктерін және жеңіске деген жігерлерін көрсетті. Тау туризмі – бұл тек спорт емес, бұл – өзін-өзі дамыту, командалық жұмыс және рухтың беріктігі.

Барлық қатысушыларға, жаттықтырушылар мен ұйымдастырушыларға туризмді дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлестері үшін алғысымызды білдіреміз!