20–26 сәуір күндері Қызылорда қаласында өткен бокстан VI Жастар ойындарында:
– Тұрсынғали Ақнұр 57 кг салмақ дәрежесінде II орын,
– Имантаева Жанель 54 кг салмақ дәрежесінде III орын иеленді.
Бұл жеңістер — тынымсыз еңбектің, табанды дайындықтың, және нағыз қайсарлықтың нәтижесі.
Абай облысы бокс федерациясының президенті ретінде, өз атымнан және федерация атынан,
қыздарымыздың еңбегін бағалап, әрқайсысына 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыстаймын.
Алдағы уақытта да жаңа белестерді бірге бағындырамыз деп сенемін!
Сәттілік пен жарқын жеңістер тілеймін!